Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тұрғын белгіленбеген орында сауда жасады

Павлодарда тұрғын белгіленбеген орында сауда жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодар облысының полицейлері тұрақты негізде белгіленбеген орындарда сауданың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді. Ағымдағы жылы біз рұқсат етілмеген сауданың 346 фактісін анықтадық , – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ ол кезекті рейд кезінде стихиялық сауданы ұйымдастыру фактісі анықталғанын атап өтті.

Павлодардың жанданған көшелерінің бірінде әйел адам парфюмерия сатқан. Кейін полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық әңгіме барысында “сатушы” бұл заңға қайшы екенін білмегенін айтты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, оған сәйкес қала тұрғынына ескерту жасалды.

Сонымен қатар полиция мұндай сауда белгіленбеген орындарда сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын лицензиясыз жүзеге асырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру