Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинде той жасаған шымкенттіктер анықталды

Карантинде той жасаған шымкенттіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 22 мамырында сағат 12:57-де аудан аумағында орналасқан «Бензин» рестобары карантиндік шектеулерді бұзып, «Бесік той» өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбастан, ұйымдастырушы тойға 60 адамнан аса қонақ шақырған.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізген азаматтан түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру