Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 30-дан аса аң аулау қағидаларын бұзуды анықтады

СҚО полицейлері 30-дан аса аң аулау қағидаларын бұзуды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуірдің ортасынан мамыр айының ортасына дейін Қазақстан Республикасының аумағында кеңауқымды “Сайғақ” табиғатты қорғау акциясының бірінші кезеңі өткізілді. Оған СҚО полицейлері де қатысты. Алайда бұл дала аңы облысымыздың аумағында кездеспе де, сайғақ мүйіздерін “Қазақстанның солтүстік қақпасы” арқылы контрабандалау жүзеге асырылуы мүмкін. Акция барысында полицейлер ҰҚК СҚО бойынша департаменті шекара қызметінің қызметкерлерімен тығыз өзара іс-қимыл жасады. Жойылудың аз-ақ алдында тұрған, сирек кездесетін дала аңы сайғақты өткізу мен контрабандалаумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық мобильді топ құрылды.

– Осы акциямен қатар солтүстік өңірдің жануарлар дүниесін қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев. – Көктемде СҚО-да аң мен уылдырық шашу кезеңінде балықтарды аулауға бірқатар шектеулер қойылған. Бұл жұмыс та мүдделі ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізіледі. Көктем кезінде барлығы 36 аң аулау қағидаларын, 80 балық аулау қағидаларын бұзу анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру