Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда бірнеше велосипед ұрлаған ер адам қолға түсті

Таразда бірнеше велосипед ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Тараздық полицейлер тұрғын үйлердің кіреберістерінен бірнеше мәрте велосипед ұрлаған жасағаны үшін 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Тергеу барысында оның түнгі уақытта тұрғындар ұйықтап, жеке мүліктерін қараусыз және бақылаусыз қалдырған кезде ұрлық жасағаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның басқа да осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Жамбылдық полицейлер азаматтарға мүліктерін қорғап және қырағылық таныту қажеттігін ескертеді .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру