Сабын мен темекі ұрлап кетті: Қарағандыда екі құрбы ұсталды
Қарағандыда дүкеннен ұрлық жасаған екі құрбы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 мамырда таңғы сағат 07:30-да Қарағанды қаласы ПБ Теміржол полициясы бөліміне белгісіз біреулер дүкендердің біріне кіріп, ұрлық жасағаны туралы хабарлама түсті.
Куәгерлердің айтуынша, ұрлықты 35-40 жастағы екі әйел жасаған. Олар кассадан 32 мың теңгені, сондай-ақ сабын, темекі ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 36 және 38 жастағы әйелдер болып шықты.
Қылмыскерлер кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.