Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш базарында қалта ұрысы сөмкеден әйелдің телефонын ұрлап кетті

Түркістан облысының полицейлері қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, базарлардың бірінде азық-түлік жасап жүрген уақытында белгісіз біреу сөмкесіндегі ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Оқиға орнына келген аудандық полицейлер күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараларды жасады. Көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде ақпарат көздері және бейнекамераның көмегімен күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол Келес ауданының тұрғыны орта жастағы азамат екені белгілі болды. Сондай-ақ күдікті азаматтың дәл осындай екі жайтқа қатысы бары анықталып, екі тұрғынның ұялы телефонын жымқырған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі – 300 мың теңге.

Ұсталған азаматтың бас шарасы – қамауда.

Бүгінгі таңда ұрланған ұялы телефондар заңды иелеріне қайтарылды. Қазір күдікті азаматқа қатысты тергеу жалғасуда.

Елімізде ұрлық қылмысының ішінде ең көп таралған түрінің бірі – ұялы телефон ұрлығы екені жасырын емес. Өзгенің мүлкіне көзі түскен ұрылар, ұрлауға да, сатуға да оңай ұялы телефондарды жымқыруды әдетке айналдырған.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру