Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта браконьерлерге қарсы арнайы операция өтті: 6 тонна балық пен 200 км ау тәркіленді

Балқашта браконьерлерге қарсы арнайы операция өтті: алты тонна балық пен 200 км ау тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш көлінің аумағында заңсыз балық аулайтын браконьерлермен күресу бойынша кең көлемді арнайы операцияның бірінші аптасында полиция қызметкерлерімен алты тоннадан астам балық өнімдерімен 200 километр балық аулау ауы тәркіленді.

– Браконьерлермен күрес, заңсыз аң және балық аулаудың алдын алу Қазақстан Республикасы Ішкі істер минисрлігінің алға қойған басты міндеттерінің бірі және бұл жұмыстармен айналысу ведомство басшылығының қатаң бақылауында. Осыған байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты, Қарағанды және Алматы облысының қызметкерлерінен құрылған арнайы топ, Балқаш көлінің аумағында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деді ҚР ІІМ, Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары, өңірде өткізіліп жатқан арнайы операцияның жетекшісі Ерлан Омарбеков

Аталған іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғатты қорғау министрлігі және Төтенеше жағдай министрлігінің өкілдері де қатысуда. Мәселен, төтенше жағдай министрлігі арнайы операция жүргізуге маторлы қайық, тік ұшақ және дрон жұмылдырған. Бұл, балық аулайтындарды әуеден бақылап, заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда бірден шара қолдануға көптеген септігін тигізді.

–  Жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы аптасында полиция қызметкерлері 200 шақырымнан астам балық аулауға тиым салынған ау, төрт маторлы қайық және алты тоннадан астам балық өнімдерін тәркіледі. Барлық браконьерлік фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Осы орайда, тұрғындардың азаматтық позицияларында баса айтқым келіп отыр. Олар бізге браконьерлердің заңсыз әрекеттері бойынша өздеріне мәлім ақпараттарды хабарлап, біз тез арада шешім қабылдап, қылмыскерлердің қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойып отырдық, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Мәселен, 34 жастағы Алматы облысы Қапшағай қаласының тұрғынынан браконьерлермен заңсыз ауланған 530 килограмм көксерке, табан, шабақ және мөңке балықтары тәркіленді. Сондай-ақ “кәсіпкер” балық аулауға тиым салынған қытай ауын сатьумен айналысқаны белгілі болды. Одан жалпы ұзындығы 198 шақырым 700 метр 1987 дана қытай ауы тәркіленді. Аталған факті бойынша қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Балқаш көлінің балық аулау участігінің Приозерск қаласы аумағынан полиция қызмектерлері белгісіз біреулермен құрылып қойған жалпы ұзындығы екі шақырым болатын қытай ауы тәркіленді. Тәртіп сақшылары аудан 43 килограмм балықты қайта суға жіберіп, ау өртелді.
22 мамыр күні сағат 18:00 шамасында полиция қызметкерлерімен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен шығып келе жатқан 50 жастағы Жамбыл облысы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігі тоқтатылды. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында одан алты тонна әртүрлі балық түрлері тәркіленді. Жүргізушіде аталған балық өнімдерін тасымалдауға құжаттары болмаған. Жүргізушінің өзі балықтарды балық зауытынан тиеп алғанын айтқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

23 мамыр күні Қарағанды облысы Балқаш қаласының Балқаш көлі Бертіс шығанағынан жағалаудан 5-6 шақырым жерде белгісіз біреулермен құрылған ұзындығы бір шақырым 300 метр 13 ау анықталды. Құрылған аудан 15 килограмм балық қайта суға жіберіліп, ау өртенді.

– Қазіргі уақытта Балқаш-Алаколь су қоймасында заңсыз балық аулаушылармен күрес бойынша жедел алдын алу іс-шаралары жалғасуда, – деп түйіндеді Ерлан Омарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру