Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 300-ден астам шартты сотталған вакцина алды

Шығыс Қазақстан облысында 300-ден астам шартты сотталған вакцина алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да аумақтық пробация қызметінде есепте тұрған адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еркімен алып жатыр.

Вакцинациялау бойынша жұмыс есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша аумақтық медицина қызметкерлерімен және пробация қызметінің инспекторларымен жүргізілуде. Есепке алынған адамдарға препарат туралы толық ақпарат түсіндірілді. Тек екі күннің ішінде 300-ден астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алуға ниет білдірді.

– Есепте тұрған сотталғандар сауалнаманы толтырғаннан кейін, терапевт дәрігер оған тексеру жүргізіп, одан екпені ерікті түрде алуға келісімі туралы немесе алудан бас тарту бойынша келісімге қолтаңбасы арқылы анықтағаннан соң, екпені алуға жібереді. Процедура екі кезеңнен тұрады. Екпені алғаннан кейін 30 минут бойы сотталғандар медбикелердің бақылауында болды, – деді пробация қызметкері Жәнібек Мұхтаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру