Арал ауданының полицейлері балалар арасында онлайн-сайыс өткізді
Арал ауданының полицейлері балалар арасында онлайн-сайыс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің балалары арасында «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбында сурет салу және еркін тақырыпта ән айту мен мәнерлеп оқудан 21-29 мамыр аралығында онлайн-сайыс өтті.
Қатысушы балалардың өнерлері әлеуметтік желідегі бөлімнің парақшасына салынып, бөлім қызметкерлерінен құрылған комиссия тобы үздік жеңімпаздарды желі пайдаланушылар тарапынан қойылған «лайк» санын есептеу арқылы анықтады.
29 мамыр күні бөлімнің мәжіліс залында Арал аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Айгүл Байоразова сайысқа қатысушыларды және олардың ата-аналарын мерекемен құттықтады. Комиссия тобының мүшелерімен бірге жүлделі орын алған және белсенділік танытқан қатысушыларға мадақтама, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.