Ақмолада немересі зейнеткердің 1 млнға жуық ақшасын букмекерлікке жұмсаған
Ақмолада немересі зейнеткердің бір млнға жуық ақшасын букмекерлікке жұмсаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 14 мамырында Ақкөл ауданы Еңбек ауылының 70 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 11 мамыры аралығында белгісіз адамдар оның банктік шотынан 848 мың теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлағаны туралы өтінішпен полицияға жүгінді.
Зейнеткер банкоматтан қолма-қол ақша ағысы келген, бірақ шотта ақша жоқ екенін білгенде қатты таң қалды. Банк ақша букмекерлік кеңсенің шотына аударылғанын хабарлады.
Полицейлер ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Әңгіме барысында полицейлер зардап шегушінің немерелерінің банк картасына қол жетімділігі болғанын анықтады. Жас жігіт бұл әрекетін мойындады. Немересі банк картасы байланған әжесінің ұялы телефонын пайдаланып, ставкалар жасап, бұл туралы хабарламай ақша аударғаны белгілі болды. Операцияларды растау кодтары бар хабарламалар жойылған.
Ақмола полицейлері ешқандай жағдайда картаны суретке түсіре алатын немесе одан ақпаратты өзге тәсілмен көшіре алатын үшінші тұлғалардың қолына беруге болмайтындығы туралы ескертеді. Күдікті есептен шығаруды жіберіп алмау үшін транзакциялар туралы SMS-хабарламаны қосыңыз. Банк карталарының пин-кодтарын ешкімге айтпаңыз. Өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада үлкен ақшаны сақтамаңыз. Қажет болса, негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасаған дұрыс.