Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол жүру ережесін бұзған 280 тұрғын анықталды

Түркістан облысында жол жүру ережесін бұзған 280 тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда республика көлемінде 2021 жылдың 17 мамыр мен 16 маусым аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

18 мамырдан қазіргі уақытқа дейін Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жол жүру ережелерін бұзған жалпы 280 тұрғын анықталды.

Оның ішінде: ҚР ӘҚБтҚ-К-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша төрт жүргізуші, 612-бабымен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) – үш, 593-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 87 жүргізуші, 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) – 34 жүргізуші, 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 83 жаяу жүргінші, 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) – 31 жүргізуші, 232-бабы (Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу) бойынша – 15 жүргізуші және 599-бабымен (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) жеті жүргізуші анықталды.

Аталған іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және өзіміздің және туыстарымыздың өмірлерін қауіпке тікпеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру