Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да балықшы суға батып кете жаздады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері дамбадағы оқыс оқиғаның алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

37 жастағы Петропавл тұрғынына балық аулаудың салдары қайғылы аяқтала жаздады. Қайықта ұйықтап жатқан адамды түнгі сағат екілер шамасында Петропавл су торабында қызмет етіп жүрген Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері байқаған. Рәзеңке қайық ағынмен дамбаға қарай жылдам ағып келе жатқан. Полицейлердің айқайлап шақырған, алайда еш жауап болмаған, содан кейін олар қайғылы жағдайдың алдын алу үшін бірден диспетчерге шандораны көтеру үшін хабарлаған. Дер кезінде көтерілген металл арқалықтар иірімге түсіп кете жаздаған қайықты ұстап қалады. Бұл кезде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп үлгерген. Осылайша балықшыны құтқару операциясы сәтті аяқталды.

– Түнгі ауысымнан шыққан соң, ұйықтамастан кешке қарай балық аулауға баруды шешіп едім. Полицейлер дер кезінде байқаған, бұл менің екінші туған күнім болды, көп рахмет, – деп ризашылық білдірген азамат құтқару жұмыстарына қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Полицейлердің айтуынша, әр минут маңызды болған, лезде әрекет ету керек болды. Қайықты бірінші полиция сержанты Ақылбек Әбділманов байқады. Ол бұл жайлы жедел қызметке қоңырау шалу үшін әріптесі Рауан Қабдулинге бірден хабарлаған.

– Біздің қызметімізде көп нәрсе қырағылық пен жедел әрекет етуге байланысты. Бұл күзетілетін объектінің жанында жүрудің өзі қауіпті. Өкінішке орай, петропавлдықтар мұны әрдайым түсіне бермейді, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру