Түркістан облысында бір күнде бірнеше той тоқтатылды
Түркістан облысында бір күнде бірнеше той тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданында құрылған мобильді топтар қоғамдық орындарда, мекемелерде, сауда және ойын-сауық орталықтарында, дүкендер мен базарларда болып, түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин режимінің сақталуын тексеруде.
Мәселен, Сарыағаш қаласында орналасқан «Алтын Ғасыр» және «Сүндет ата» тойханасында той өтіп жатқаны анықталды. Сондай-ақ Құркелес ауылдық округі, Ақ үй ауылында орналасқан «Нұр шашу» тойханасында 100 адамға арналған той тарқатылса, Дарбаза ауылында орналасқан «Бекжан» тойханасына құдалық тойға келушілер қайтарылды.
Карантин талаптарын сақтамағаны үшін тойхананың иесі мен той жасаушыларға қатысты іс-құжаттар рәсімделіп, шара көру үшін аудандық СЭББ-на жолданды.
Қазіргі кезде карантиндік шараларына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.