«Жұмысқа тұрғызып беремін»: түлкібастық әйел миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылды
Түркістан полицейлері жұмысқа тұрғызып беремін деген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын әйел арызданып келген. Оның айтуынша, танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп алдап, күдікті жәбірленуші әйелден жұмыс ақысы үшін 870 мың теңге алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа кіргізіп бермеген, не өз ақшасын қайта ала алмаған. Арада бірнеше ай өткен соң жәбірленуші танысының алдап жүргенін білген. Сондықтан бірден полиция қызметкерлеріне хабарласып, көмек сұраған.
Тәртіп сақшылары аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Полицейлер іздестіру шаралары барысында күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Оқиғаның толық мәнжайын білу үшін оны ПБ-ға жеткізді. Осылайша оңай жолмен иемденген ақшаның барлығын пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ қандай-да бір мәмілелерді, рәсімдеу кезінде мұқият болу керектігін айтады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.