26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні
Халықаралық қоғамдастықтың назары бұрыннан бері әлеуметтік сипаттағы құбылысқа айналған нашақорлыққа әкеп соқтыратын сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеуге аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл 26 маусымда есірткі құралдарын пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні мәртебесін беру себептерінің бірі болды.
Тиісті шешім 1987 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 42 сессиясында қабылданды, ал оның қабылдануына БҰҰ Бас хатшысының 1987 жылғы 26 маусымда айтылған есірткі құралдарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияда жасаған баяндамасы себеп болды.
Дәл сол кезде осы бағыт бойынша болашақ қызметтің жан-жақты көп салалы жоспары алғаш рет қабылданды.
Жаһандық мағынада нашақорлықтың қаупі есірткінің тез таралуы болып табылады және демографиялық апаттан бастап экономиканы, әлеуметтік және саяси ортаны криминализациялауға дейін әртүрлі зиянды салдарға әкелетін көп деңгейлі апат ретінде қарастырылады.
Нашақорлық экономикалық зиян келтіреді. Бұл-жас кезіндегі мезгілінен бұрын өлім-жітімнің жоғары болуына, отбасылық байланыстардың бұзылуына, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, емдеу құнының өсуіне, оның ішінде нашақорлықпен байланысты аурулардан, пенитенциарлық жүйеге, тергеу мен сот ісін жүргізуді ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар, қылмыстардың салдарынан болатын миллиардтаған теңге шығындар. шығындар. Бұл қара нарық түріндегі экономикаға тікелей залалды және олардың заңды бизнеске әсерін есептемегенде. Адам шығыны ретінде есірткіні тұтыну адам денсаулығына үлкен зиян келтіретін негізгі қауіптердің бірі болып табылады.
Есірткі қауіптілігінің жаһандық ауқымын ескере отырып, Қазақстан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың жалпы әлемдік жүйесіне интеграцияланған.
Ең алдымен, ұлттық есірткіге қарсы заңнама халықаралық стандарттарға толық сәйкестікке келтірілді – БҰҰ-ның есірткі жөніндегі негізгі үш Конвенциясы да ратификацияланды.
Бұл бізге барлық халықаралық интеграциялық есірткіге қарсы құрылымдардың қатысушысы болуға және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша белсенді көпвекторлы сыртқы және ішкі саясат жүргізуге мүмкіндік береді.
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропалық Одақ және біздің республикамызда аккредитациядан өткен шет мемлекеттердің елшіліктері сияқты біздің тұрақты серіктестерімізбен тығыз өзара іс-қимыл жылдан жылға нығайып келеді.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы бойынша біздің жақын көршілеріміз – әріптестерімізбен практикалық өзара іс-қимыл жасасу – сөзсізбасымдық. Біздің елдеріміз аз жұмыс жасаған жоқ. Ұйымдардың өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі ретіндегі позициясы нығайтылды, олардың қылмысқа қарсы әлеуеті кеңейтілді. Есірткіге қарсы бірлескен операцияларды ұйымдастыру, есірткі бизнесіне қатысы бар адамдардың қатысушы мемлекеттерге кіру арналарын жою үшін құқықтық құралдар жасалды.
Біз бұл форматтарды трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтарға, есірткі сатушыларға қатысты практикалық іс-шаралар мен операциялар жүргізу және есірткі трафигі арналарын жабу үшін тиімді платформа ретінде қарастырамыз.
Ел ішінде біздің негізгі күш-жігеріміз есірткіні жеткізушілермен және өткізушілермен күресуге, олардың таралу арналарын жабуға және ірі есірткі сатушыларды әшкерелеу бойынша операциялар жүргізуге бағытталған.
Жыл сайын ішкі істер органдары жеті мыңнан астам есірткі құқық бұзушылықтарын, оның ішінде 1,5 мыңға жуық есірткіні өткізу және аса ірі мөлшерде 400-ге жуық есірткіні сақтау фактілерін анықтайды. 18 тоннаға жуық түрлі есірткі түрлері алынады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Ішкі істер органдарының қызметкерлері 3,5 мың есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде мыңнан астам есірткі қылмысы, оның ішінде өткізудің 758 және аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 200 фактісі анықталды.
Екі тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді.
Соңғы жылдары заң шығаруда үлкен жұмыс атқарылды. 2019 жылғы шілдеден бастап жаңа заттар Үкіметтің актісімен мемлекеттің бақылауына енгізіледі, бұл осы заттарды мемлекеттің бақылауына енгізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартады. Бұрын есірткі заттар мемлекеттің бақылауына заңнамалық деңгейде енгізілген.
2019 жылғы желтоқсанда электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заңға қол қойылды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2018-2020 жылдары алынған синтетикалық есірткілердің көлемі ондаған есеге (5,2 кг-нан 96 кг-ға дейін) артты.
Ағымдағы жылдың басынан бері 41 кг осындай есірткі тәркіленді. Олардың айналымына байланысты 526 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Есірткі тарататын 740 сайт бұғатталды. 10 есірткі зертханасы жойылып, 15 кг-нан астам пайдалануға дайын есірткі және 35 литр прекурсорларды алынды.
Есірткіге сұранысты төмендету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, нашақорлықтың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Халықаралық міндеттемелерге сәйкес, мемлекет есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында бақылауды жүзеге асырады.
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қызметі есірткі айналымымен байланысты субъектілерді лицензиялаудың электрондық форматына толық көшу жүргізілді.
Бірінші кезекте мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметін үйлестіруді жақсартуға бағытталған бірқатар басшылық құжаттар қабылданды.
Профилактикалық сипаттағы шаралар кешені маңызды бағыт болып саналады.
Жыл сайын елімізде 200 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді қамти отырып, 3,5 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді, соның ішінде халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған. Бұл акциялар, дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, интерактивті сабақтар, оқушыларға арналған конкурстар, спорттық іс-шаралар.
Оқу орындарында тәуекел тобына кіретін жасөспірімдерді ерте анықтаудың және олармен түзету жұмыстарының заманауи әдістері енгізілуде.
Балалар мен жастарды спортпен айналысуға тарту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Қолжетімді секциялар, аула клубтары, спорт алаңдары желісі кеңеюде. Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жастар арасында есірткі иммунитетін қалыптастыруға бағытталған спорттық, мәдени-бұқаралық, насихаттау және ағарту іс-шаралары ұйымдастырылады.
Қазір біз нашақорлықтың бастапқы алдын алу мәселелері бойынша бізбен ынтымақтасатын 60-тан астам ҮЕҰ-мен белсенді қарым-қатынас жасаймыз.
Жыл басынан бері олардың қатысуымен білім беру объектілері мен ЖОО-да профилактикалық іс-шаралар, акциялар, семинарлар, дәрістер, есірткіге қарсы бағыттағы конкурстар, «дөңгелек үстелдер», спорттық жарыстар өткізілді.
ҮЕҰ жасөспірімдер мен жастарға нашақорлықпен байланысты проблемаларды шешуде әлеуметтік қызметтерді қолдауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігінің наркологиялары мен оңалту орталықтарында емделіп жатқан пациенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмек көрсетеді.
Үкіметтік емес сектордың қоғам мен мемлекеттілікті дамытудағы рөлін назарға ала отырып, Қазақстанда қоғамдық ұйымдарды қосымша қолдау шаралары әзірленуде. ҮЕҰ мемлекеттік тапсырыстарды орындайды. Сыйлықтар, дамуға гранттар, ҮЕҰ қызметін әдістемелік және құқықтық сүйемелдеу сияқты қосымша ынталандыру шаралары әзірленеді.
Бұл міндеттерді шешу барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерінің арқасында мүмкін болады.
Қоғамның топтасуы мен бірлескен қарсы іс – қимылдың арқасында ғана қазіргі заманның жаһандық проблемасы – нашақорлықты шешуде оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.