Петропавл полицейлері саяжайдағы ұрлықты ашты
Петропавл полицейлері саяжайдағы ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамыр айының соңында Петропавл қалалық полициясына саяжайдағы үйінде ұрлықтың орын алғаны туралы қала тұрғыны арызбен жүгінді. Кешке белгісіз қылмыскер терезе арқылы «Надежда» саяжай қоғамындағы үйлердің біріне кіріп, онда ақша, құжаттар, кілттер, банк карталары мен «Redmi A7» телефонын жымқырған. Шығын сомасы 97 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті – бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 25 жастағы қала тұрғыны анықталды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша енгізілді.
– Тексеріс барысында күдіктінің және онымен бірге тұратын 25 жастағы петропавлдықтың «Ромашка» және «Клинок» қоғамдарындағы ұрлықтарға қатысы анықталды. Адамдардың құрал-саймандары және алып жүретін заттары жоғалған. Әр эпизод бойынша қолды болған заттардың бір бөлігі алынды. Жазда қылмыскерлер саяжай учаскелеріне ұрлыққа жиі түседі. Адамдарды бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға, саяжай қоғамдарының күзетілуін ұйымдастыруға шақырамыз, – деді Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.