Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандықтан Қызыл кітапқа енген тау арқарының төлі табылды

Түркістандықтан Қызыл кітапқа енген тау арқарының төлі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне қала тұрғынының бірінің үйінде тау арқарының төлі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Кентау ҚПБ қызметкерлері аталған тұрғынның сарайынан екі арқардың төлін тапты. Олар ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген тау арқарының екі жасар төлі «көкпек» болып шықты.

Сондай-ақ полицейлер күдіктінің сол аумақтағы қорықтың бірінде жұмыс істейтінін анықтады. Ер адам «қолхатта».

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған арқардың төлі Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді. Бүгінде тәртіп сақшылары ер адамның «Қызыл кітапқа» енген жануардың төлін қандай мақсатта ұстағанын анықтауда.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген сирек кездесетін жануарларға қажет жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру