Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері «Ұлттық домбыра күніне» орай онлайн-диктант жазды
Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері «Ұлттық домбыра күніне» орай онлайн-диктант жазды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Домбыра күніне» орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінен «Қос ішек» тақырыбында жазба жұмысы алынды.
Департаменттің мемлекеттік тілде аудармашысы Д. Достанова дана халқымыз домбыра арқылы талай аңыз бен шежірені кейінгі ұрпағына аманат етіп, ұлттың өткенін бүгінге жеткізген ең қадірлі аспап қасиетті домбыраның мән-маңызы туралы түсіндіріп өтті.
Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы П. Ізбасарова онлайн-диктант жазудың алғышарттарымен таныстырды.
– Қадыр Мырза-Әлі ағамыздың «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Бабадан қалған бағалы ұлттық құндылығымызды қастерлеп, келер ұрпаққа аманаттау әр қазақтың парызы. Бүгінгі қазақтың рухын көтеретін, бірлігін нығайтатын айтулы мерекеде домбыраның шығу тарихымен танысып, онлайн-диктан жұмысын жаздық. Домбыра әр қазақтың төрінде ілулі тұруы керек деп есептеймін. Өзім бос уақытымда балаларымды жаныма жиып алып, домбыра шертемін, балаларыма да үйретемін, – деді мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы Д. Оспанов.