Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері егістікте есірткі өсірген тұрғынды ұстады

Түркістан полицейлері егістікте есірткі өсірген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні заңсыз өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеп, тексеру жұмыстарын бастап кетті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер есірткі өсіру қылмысына қатысы бар Сауран ауданына қарасты ауылдың тұрғынын анықтады. Тәртіп сақшылары ұсталған адамның егістік алқабын тінту кезінде, алқаптың маңынан өсірілген есірткіге ұқсас 45 түп өсімдікті тапты. Осыдан соң аталған өсімдіктер тиісті сараптамаға жолданды, нәтижесінде 45 түптің барлығы “марихуана” өсімдігі болып шықты. Салмағы шамамен 95 грамм.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында күдікті деп танылған азаматтың есірткіні өзіне қолдану мақсатында өсіргенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз өсіру мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру