Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас жүргізушіге екі хаттама толтырылды

Қызылордада мас жүргізушіге екі хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Кезекті рейд кезінде қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері 13 шілде түнгі мезгілде Toyota Camry маркалы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізуші жол ережелерін бұзып, Пірімов көшесімен жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген. Полиция автокөлікті тоқтату барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды. Құқықбұзушының өткен наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша жеңіл мас болу дәрежесінде болғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты екі хаттама рәсімделді Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) және ҚР ӘҚБтК 590-бабының 9-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру