Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері әмияннан ақша жымқырған әйелді ұстады

Түркістан полицейлері әмияннан ақша жымқырған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша белгісіз біреулер жатын бөлмесінде тұрған әмиянынан 180 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Жан-жақты тексеріп, күдікті деген адамдардан жауап алды. Нәтижесінде төлебилік жедел уәкілдер тәулік ішінде күдікті деп танылған Келес ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті әйел жәбірленушінің үйіне конақ болып келген. Ол өз арам ойын жүзеге асыру үшін оңтайлы сәтті күтіп, үйде ешкім қалмаған сәтте жатын бөлмеде тұрған әмияндағы ақшаны алған.

Сондай-ақ күдікті әйел ақшаны бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті әйел бұрын сотты болмаған. Бүгінде күдікті қолхатта.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада “102” нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру