18 жастағы қызды тонаған Приозерск қаласының тұрғыны қолға түсті
Жас қызды тонаған Приозерск қаласының 18 жастағы тұрғыны қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 шілдеде Приозерск қаласының полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны хабарласып, бір адам оның 18 жастағы туысын тонап кеткенін айтты.
Анықталғандай, қылмыс түнде, жәбірленуші қыз үйіне қайтып бара жатқан кезде болған. Күтпеген жерден оған бір қыз шабуыл жасап, дене жарақатын келтіріп, 1,5 мың теңге көлеміндегі ақшасын тартып алған. Сонымен қатар ол өзінің есепшотына төрт мың теңге аударуға мәжбүр еткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция 18 жастағы қызды ұстады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.