Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қосшыда пәтер ұрлығы кезінде ұсталды
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Қосшы ауылының 61 жастағы тұрғыны Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне өтінішпен жүгінді. Әйел осы күні сағат 19.00-ден 23.00-ге дейінгі уақыт аралығында белгісіз біреулер пластикалық терезені қысу арқылы 338 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын, сондай-ақ жеке заттарын ұрлағанын хабарлады.
Мүліктік сипаттағы қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында қылмыс жасауға Нұр-Сұлтан қаласының 32 және 34 жастағы екі тұрғыны қатысқандығы анықталды, олардың біреуі бұрын ҚР ҚК 107-бабы, ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған.
Екіншісі бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық еткені үшін (ҚР ҚК 262-бабының 10-тармағы 2-бөлігі), бас бостандығынан заңсыз айырғаны үшін (ҚР ҚК 126-бабының 3-бөлігі 1-тармағы), өзінше билік жасағаны үшін (ҚР ҚК 389-бабының 16-тармағы) қылмыстық жауаптылыққа тартылған болатын. Сонымен қатар қылмыс жасалған кезде күдікті мемлекетаралық іздеуде болған.
Кейін полицейлер елордада жалдамалы пәтерде автокөлікпен жүрген қаскүнемдердің тұрған жерін анықтады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұлтартпау шарасы таңдалды: «күзетпен ұстау». Күдіктілердің өңір аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.