Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлаған шымкенттік тұрғын қолға түсті

Велосипед ұрлаған шымкенттік тұрғын қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 14 шілдесінде Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға біреу ауласына заңсыз кіріп, құны 75 000 теңге тұратын қызыл түсті велосипедін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру