Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері кезекті рет қан тапсырды

Медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен толық қамтамасыз ету үшін «Қан тапсырыңыз, әлемде өмір импульсі болсын» деген лозунгпен жазғы донорлық қан акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлер ІІМ-нің аумағында орналасқан қан мен оның компоненттерін қауіпсіз тапсыру үшін барлық жағдай жасалған қан орталығының мамандандырылған автобусында тапсырды.

Акция күні ІІМ орталық аппаратының 60-қа жуық қызметкері қан тапсырды. Қан орталығына 26 литр қан жіберілді.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы бастығының орынбасары Любовь Досқалиева тұрақты донор болып келе жатқандардың бірі. Қан хирургиялық операциялар жасау және күйікке шалдыққан науқастарға көмек көрсету кезінде қажет, сондай-ақ онкологиялық науқастардың өмірін сақтауға және басқа ауруларды емдеуде үлкен рөл атқарады. Донорлық қан қорларын демалыс және жыл мезгілдеріне қарамастан тұрақты түрде толықтыру – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сондықтан министрлік қызметкерлері донорлық акцияларға қатысуды дәстүрге айналдырған.

– Мен үшін қан тапсыру өте маңызды. Өйткені донор рәсім үшін берген 450 миллилитр біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін, – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Риза Төлеубай.

Өз кезегінде ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының медицина қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің донорларына алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру