Шымкенте карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдаған лаундж-бар анықталды
Шымкенте карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдаған лаундж-бар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде.
2021 жылдың 31 шілдесі сағат 22:50-де аудан аумағында орналасқан «NORH» лаундж-бары карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар лаундж-бар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен. Сондай-ақ тиісінше тыйым салынғанына қарамастан, келушілерге қор-қор ұсынғаны да белгілі болды.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған лаундж-бар әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара көру үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.