Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер көлік ұрлаған екі жігітті ұстады

Қарағандыда полицейлер көлік ұрлаған екі жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне көпқабатты үйдің ауласынан ВАЗ-21061 автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 39 жастағы ер адамға тиесілі көлікті түнде қойған жерінен ұрлап кеткенін анықтады. Келтірілген шығын мөлшері 355 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасақтарымен бірлесіп, қаланың мөлтек аудандарының бірінде ұрланған көлікті ұстады. Көлікте 25 және 21 жастағы ер адамдар болған. Олар қылмысын мойындады.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру