Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған қалта ұрысы қолға түсті

Ақтөбеде қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған қалта ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 30 шілде күні сағат 08:15-тен 08:22-ге дейінгі аралықта белгісіз адам №1 қоғамдық көлік салонында «Ардагерлер үйі» аялдамасынан «5 шағын аудан» аялдамасына дейін  шалбардың қалтасынан 41 жастағы ер адамға тиесілі «Huawei» смартфонын жасырын ұрлап кеткен. Шығын 122 000 теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру