Петропавлда кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс жасауда күдікті ұсталды
Петропавлда кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс жасауда күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 4 тамыз күні сағат 22.00 шамасында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жас қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауда күдікті облыс орталығының тұрғынын ұстады.
Ер адам қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі (Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Естеріңізге салайық, апта ішінде Петропавл қаласында жас балаларға қатысты жасалған екі қылмыс тіркелді. Екі жағдайда да күдіктілер «ізі суымай» ұсталды. Қазір істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты, объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Аталған қылмыстардың тергелуі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің және облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Әр іс бойынша процессуалдық прокурор бекітілді.
Өзге ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу туралы ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес айтылмайды.