Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам жанармай құю станциясынан темір қақпаларды ұрлап кетті

ШҚО-да ер адам жанармай құю станциясынан темір қақпаларды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Риддер қалалық ПБ-ға 41 жастағы жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Ол 2021 жылғы 12-13 шілде аралығында белгісіз адам жұмыс істемейтін автожанармай құю станциясына заңсыз кіріп, сол жерден төрт дана металл қақпаны жасырын ұрлағанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі 200 000 теңге.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы ер адамды жеткізді. Іс бойынша ұрланған мүлік тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру