Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тұрғын үй алып беремін”: Шымкент тұрғыны 3,5 млн теңгесінен айырылып қалды

Шымкент тұрғыны алаяққа алданып, 3,5 миллион теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 3 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында бейтаныс әйел мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй кешенінен пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 3,5 миллион теңге ақшасын заңсыз иемденіп кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерімнің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған әйелдің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру