Ақмола облысында зейнеткер ауылдасынан велосипед ұрлап кетті
Ақмола облысында зейнеткер ауылдасынан велосипед ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 4 тамызында Бұланды ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның ауылдарының бірінің 75 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті. Қарт әйел үйдің ауласынан тыс жерде белгісіз адам оған тиесілі “Навигатор” велосипедін ұрлап кеткенін хабарлады.
Шығын сомасы 50 мың теңгені құрады. Учаскелік полиция инспекторы жеке тергеу барысында ұрлықты 1946 жылы туған ауыл тұрғыны жасағанын анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.