Ақтөбе облысында алаяқ сегіз адамды 6 млн теңгеге алдап кетті
Ақтөбе облысында алаяқ сегіз адамды алты миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 2 тамыз күні №1 қалалық полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын хабарласты. Оның айтуынша, белгісіз адам оның сеніміне кіріп, алдау жолымен ақшасын иемденген.