ҚР ІІМ: ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалды
– Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді, – деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
ІІМ азаматтарды мұндай құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.