Маңғыстау тұрғынынан 200 келіден астам бекіре балығы табылды
Маңғыстау тұрғынынан 200 келіден астам бекіре балығы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел қызмет барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері 2021 жылғы 3 тамызда Түпқараған ауданының жергілікті тұрғынының сарайынан жалпы салмағы 200 келіден асатын бекіре тұқымдас балықтарды тауып, тәркіледі.
Сонымен қатар жедел уәкілдер тоңазытқыш, екі моторлы және бір резеңке қайық, бинокль, рация, су резеңке костюмі (гидрокостюм), сондай-ақ мың метрден астам балық аулау желісін тәркіледі.
Ұсталған 21 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
– Бекіре – қызыл кітапқа енгізілген балық. Мұндай балық аулауға заңмен тыйым салынған, – деп атап өтті Маңғыстау облыстық полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев.