Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны алаяққа 5 млн теңге беріп қойды

Шымкент тұрғыны алаяққа бес миллион теңге беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 5 тамызда Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 2020 жылғы 3 желтоқсанда жеке тұлға сеніміне кіріп, кәсіпкерлік жасаймыз деп 5 миллион теңге ақшасын иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында қала тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру