Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде

Алматы облысының полицейлері «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 9-15 тамыз аралығында «Anti-fraud» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шара ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстарға, авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің, сонымен қатар интернет-алаяқтықты пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Айта кету керек, қазіргі таңда алаяқтықтың ең көп таралған түрі – ғаламтордағы алаяқтық. Ол заман ағымына сай адамдардың ғаламторды белсенді пайдалануына байланысты. Күн санап алаяқтар сенгіш пайдаланушыларды алдаудың көптеген тәсілдерін ойлап табуда. Осы орайда, тәртіп сақшылары ведомстволық сайттарға, парақшаларға» алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?» тақырыбында түрлі ақпараттармен, бейнероликтермен бөлісуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру