Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінің ауласында «кептірілген марихуана» жасырған ордабасылық қамауға алынды

Үйінің ауласында «кептірілген марихуана» жасырған ордабасылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірінен хабарлама келіп түскен. Онда ауыл тұрғынының бірі өз үйінде есірткі затын сататыны туралы көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Осы хабарлама бойынша оқиға орнына Ордабасы АПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Мұқият жүргізілген тексеру жұмыстары барысында күдікке ілінген тұрғынның үйін тінтіп, ауласындағы сарай ішінен екі литрлік банкінің ішіне қағазға оралып салынған есірткіге ұқсас хош иісті затты тапты. Аталған затқа медициналық сараптама тағайындалып, зерттеудің қорытындысына сәйкес, граммға жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру