Шардара тұрғыны алаяққа алданып, 1 млн теңгесінен айырылды
Шардара тұрғыны алаяққа алданып, бір миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Шардара АПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оны әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген сырттай танысы ақша салсаң, сол ақшаны үш күн ішінде 30 пайызға көбейтіп беремін деп алдаған. Осылайша алаяқтық жолмен ақшасының еселеніп қайтатынына сендіріп, өзінің есепшот нөміріне 1 млн. теңге ақша аудартып, қайтармай қойған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Осындай алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ әйелді ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды. Күдіктінің баруы мүмкін деген жерлер мұқият тексерілді.
Осылайша жедел-профилактикалық іс-шара барысында ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, Шардара АПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын орта жастағы әйел болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта.