Түркістанда ер адам тұрғынның алтын жүзігін ашық түрде жымқырып кетті
Түркістанда ер адам тұрғынның алтын жүзігін ашық түрде жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып келген. Оның айтуынша, қала базарларының бірінде жұмыс іздеп жүрген жерінен белгісіз адам қолындағы алтын жүзігін ашық түрде жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 65 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ер азаматты қала көшелерінің бірінен ұстады. Ол бұрын ұрлық жайты бойынша сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.Тәртіп сақшыларының анықтауынша, күдікті базар маңында өз шаруаларымен жүрген. Содан соң жәбірленушінің қолындағы жүзігін байқап, оны әңгімеге тартқан. Осылайша қолындағы жүзігін шешіп беруін сұрап, оны ала сала қашып кеткен. Қолды еткен алтын жүзікті қала ішіндегі ломбардтардың біріне өткізіп, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген.