Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мониторинг тобы санитарлық нормаларды бұзудың 76 фактісін анықтады

СҚО-да шілде айының ортасында мониторинг тобы санитарлық нормаларды бұзудың 76 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да ведомствоаралық мониторинг тобы карантин шектеулерін бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтерді жалғастыруда. Өткен аптаның соңында облыс орталығында ондаған қонақтарды жинап той өткізген төрт ойын-сауық орны анықталды.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер, полицейлер – құрамында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері бар мобильді топ барлық үйлену тойы және басқа да салтанатты жиындар өткізілуі мүмкін дәмханаларды, мейрамханалар мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде. Өткен аптаның соңында Петропавлдың орталығындағы жиын өтетін орындардың бірінде мониторинг тобы үйлену тойының үстінен түсті. Ойын-сауық орнының иелерімен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, материал жиналды.
Осыған ұқсас жағдай Жұмабаев, Батыр Баян және Аяған Шәжімбаев көшелеріндегі ойын-сауық орындарында тіркелді.
Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садуловтың айтуынша, той қонақтарымен профилактикалық әңгімелесулер өткізіліп, ойын-сауық орындарының иелеріне қатысты ҚР ӘҚтК 425-бабы бойынша (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) материал жиналып, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырылды. Жыл басынан СҚО-да мониторинг тобы ҚР ӘҚтК 425-бабының 1044 бұзушылығын анықтады. 13 шілдеден бастап 76 факті.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру