Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінің ауласына есірткі еккен түркістандық ұсталды

Үйінің ауласына есірткі еккен түркістандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері Мақтаарал АПБ-ның полицейлерімен бірлесе отырып, өзінің үйінде есірткі егіп, баптаған тұрғынды анықтады. Аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді. 

Күдікті ер адамның Еңбекші елді мекенінің егістік алқаптарының бірінен газетке оралған күйде есірткі затының дәндерін тауып алып, өзінің үйінің ауласындағы жүгерінің арасына тығып еккені анықталды. Аталған алқаптан екі түп есірткі өсімдігі тәркіленді.

Тұрғын аталған есірткіге ұқсас өсімдікті егіп-өсіргенін толығымен мойындайды. Сондай-ақ айғақты зат ретінде алынған өсімдіктерге сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды.

Сараптама нәтижесімен алынған түптердің жалпы салмағы 25 грамм “сора” есірткі заты болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің бас шарасы “қолхатта”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру