Түркістан облысының полицейлері жоғалған сиырды иесіне тауып берді
Түркістан облысының полицейлері жоғалған сиырды иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түседі. Арызданушы көшеде байлаулы тұрған екі бас сиырын белгісіз азамат ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 700 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Сиырларды тез арада табу үшін аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлерінен бірнеше мобильдік топ құрылды. Олар ауылдың шығар жерлерін тексеріп, жылқылар жайылатын аймаққа қарай бірден бағыт алып іздестіруді бастап кетті. Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алады, сонымен қатар мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктер тыңғылықты тексеріледі.
Нәтижесінде полицейлер көрші ауылдағы жайылымдық жерден сиырларды бір күннің ішінде тауып, ауылға айдап әкелді.
Осылайша, жоғалған сиырлар иесіне тапсырылды. Сиырларын дер кезінде тауып, аман-есен табыстағанына риза болған мал иесі сақшыларға ризашылығын жеткізді.