Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері кіре берістен табылған бүлдіршіннің анасын тапты

Петропавл полицейлері кіре берістен табылған үш жасар қыздың анасын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылы қарсаңында кейбір жасөспірімдердің «серуендеуге» деген ықыласы ерекше болады. Петропавл полицейлері аула маныңдағы жерлерді тексеріп,сонымен қатар рейдтік шараларды күшейтті. Көшелер, ойын-сауық орындары және басқа да кәмелетке толмағандарды қызықтырадың мекемелер басты назарға алынып отыр. Жалпы, жыл басынан бері 92 осындай рейд, бес жедел -профилактикалық іс -шаралар жүргізілген.

Балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерлерде және ойын-сауық орындарында заңсыз өкілдеріңсіз жүргені үшін 466 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің ішімдік ішкені үшін тағы 48 адам жауапқа тартылды. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен күтіп-бағу міндеттерін орындамағаны үшін 111 адам жауапқа тартылды. Жасөспірімдердің түнде ойын-сауық орындарында болуына рұқсат берген 10 көңіл- мекеме иелері жауапқа тартылды.

– Қалада жеті ай ішінде жасөспірімдермен 13 қылмыстық іс анықталды және 25-і оларға қарсы, – дейді Петропавл қаласының жергілікті полиция қызметінің ПБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Эльмира Әбішева. – Мұндай фактілер әдетте, кәмелетке толмағандардың бос уақыттары ересектердің бақылауында болмаған жағдайында туындайды. Кей жағдайларда, үнемі заңсыз әрекеттер туралы әңгіме айтылады. Биылғы жылы «қиын» үш жасөспірімді арнайы оқу орындарына жіберу туралы шешімдер қабылданды, олардың мойыңдарында- бірнеше рет үйден кету, ұрлық және бұзақылық істері орын алады.

Немқұрайлықты таңытпайтын адамдар тиісіті фактілерді ашу үшін жедел қызметкерлерге мәселенін жауабын табу мақсатында көмек колдарын созады. Мәселен, 28 тамызда «102» пультіне шамамен үш жастағы қыз бала үйлердің бірінің кіреберісінде отырғаны туралы қоңырау түсті. Полицейлер оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Анықталғандай, анасы, Қызылжар ауданының тұрғыны, қызын қалада тұратын құрбысының үйіне қалдырған, кейін қыз бала өздігінен үйден шығып кеткен.

Анасы, Қызылжар ауданының тұрғыны, қызын қаладағы құрбысының үйінде қалдырғаны,қызы өз бетімен үйден шығып кетіп қалғаны анықталды.

Қазіргі уақытта материалды жинау жұмыстары жүргізілуде, аталған іс, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысына шығарылады. Жыл басынан бері 55 материалды полицейлер комиссияның қарауына ұсынды. Балалардың қауіпсіздігіне қол жеткізу жұмыстары ПБ қалалық әкімшіліктің бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру