Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен 2 қызды анықтады

Түркістан облысының полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен екі қызды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Оның айтуынша, өзінің дүкеніне белгісіз азамат ұрлыққа түсіп, түрлі азық-түлік заттарын ұрлап кеткен. Осылайша жәбірленуші азаматшаға 20 мың теңгеге жуық шығын келтірген.

Хабарды алысымен полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, ұрлық жайтын ашуға бірден бағытталды.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында Мақтаарал АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Дүкен ішіндегі бейнекамера мұқият тексерілді.

Осылайша тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктілердің жеке-басын анықтап, оларды тәулік ішінде ұстады. Анықталған күдікті жас қыздар жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. 
Белгілі болғандай, таңғы сағат 04:00 шамасында күдікті екі қыз дүкеннің терезесі арқылы ішіне кіргенін анықтады. Содан соң кассада болған ақша мен керекті заттарының барлығын пакетке салып алып, кірген іздерімен кері шығып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тәртіп сақшылары күдіктілерден қолды болған заттардың барлығын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне табыстады. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін, барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру