Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жер алып беремін”: шымкенттік алаяқ түркістандықты 1,5 млн теңгеге алдап кетті

Шымкентте алаяқ түркістандықты 1,5 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамызда Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс адам жер алып беремін деп айтып, 1,5 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен алғанын жазып көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру