Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан топ құрықталды

БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында мал ұрлығымен айналысқан топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың қылмыстық әрекеттерінен 11 адамға келтірілген залал мөлшері үш миллион теңгеден асты.

2021 жылдың мамыр айынан бері Теректі ауданының 22, 18 және 17 жастағы үш тұрғыны өзара келісіп, мал ұрлығымен айналысып келген.

Олар негізінен малды еркін жайылымнан ұрлаған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру