Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны зейнеткердің атына несиені жасырын ресімдеген

Семей тұрғыны зейнеткердің атына несиені жасырын ресімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының ортасында Семей қ.ПБ Орталық ПБ «102″ жедел арнасына 73 жастағы зейнеткер оның танысы өзінің сауалнамалық деректерін пайдаланып, алдау жолымен 2007 жылы 1 300 000 теңге сомасына несие ресімдегені туралы өтініш білдірді.

Ауыр қылмысты ашу үшін Семей қ. криминалдық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру