Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жас жұп «синтетиканы» қойып жатқан жерінен ұсталды

Алматыда жас жұп «синтетиканы» қойып жатқан жерінен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 жастағы К.есімді азамат және оның 20 жастағы серігі Приканальная көшесінде жедел қызметкерлердің көзіне түсті.

– Жастардың іс-қимылы күдікті болып көрінді. Бір қарағанда, олар қараңғыда бірдеңе іздегендей болды. Бірақ іс жүзінде, керісінше – олар тұтынушымен алдын-ала келісілген жерге «жылдамдық» есірткісін жасырған. Жеке тінту кезінде олардан заттай 15 бума табылды және тәркіленді, тиесілігі мен шығу тегі сот-химиялық сараптамамен анықталатын болады, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Бұл факті бойынша тергеуді Алатау аудандық Полиция басқармасы жүргізіп жатыр. ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру