Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көлік жүргізу құқығы жоқ мас тұрғын көлік тізгінінде ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, мас халде көлік басқарған ер азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тұрақты түрде іс-шараларды жүргізуде. Осындай шара барысында бәйдібектік полицейлер қызметтік міндетін атқару кезінде ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

Тәртіп сақшылары кешкі сағат 18:00 шамасында “Газ-3302” маркалы автокөлікті жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде полицей, жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін, медициналық сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысы автокөлік жүргізушісінің масаң халін нақтылады. Сондай-ақ көліктің иесінің көлік басқару құқығының мүлде жоқтығы анықталды. Көлік жүргізу куәлігінің жоқтығына қарамастан, мас халде автокөлік басқарған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Бәйдібек аудандық сотына жолданды. Бүгінгі таңда сот жүргізушіге қатысты 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру